2025 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ делегациясы
«Халықаралық тәртіпті бірлесіп қолдау және бейбіт дамуға жәрдемдесу» тақырыбындағы
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 12-ші Бейжің Сяншань форумына қатысты.
Форумның мақсаты – қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту,
тұғырларды біріктіру және өзара іс-қимылды кеңейту арқылы өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қатысушылар Азия-Тынық мұхиты аймағы, Еуропа және Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда,
аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Форумға қатысу барысында ҚХР қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньмен қысқа кездесу өтті.