Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


13-21 қараша аралығында "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы "АҚ-да"алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту" білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Курстар басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар Академиясымен бірлесіп ұйымдастырылып, өз жұмысын бастады. Қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді: орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары.

Оқытуды жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, тәжірибелі әскери педагог-жаттықтырушылар, белгілі әскери зерттеуші ғалымдар жүргізеді. Курстарды өткізу үшін білім министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, ТЖМ, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік істері комитетінің мамандары тартылды.

Оқудан сәтті өткен тыңдаушыларға мемлекеттік сертификат беріледі.