Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


Іс-шараға Конституциялық Соттың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, әскери жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың ғалымдары мен сарапшылары және Қазақстанда тіркелген әскери атташелері қатысты.

Конференция үш тақырыптық блок бойынша өтті: «Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерге қарсы тұру», «Тәуекелдер және олардың Қазақстандағы тұрақтылықтың дамуына әсері» және «Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың рөлі».

Түрлі салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, соның ішінде киберкеңістіктегі, ақпараттық саладағы, аймақ елдерінің әскери-экономикалық әлеуеті, халықаралық және өңірлік ұйымдардың (ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б.) өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Көрсетілген мәселелерге жан-жақты талдау жүргізіліп, ең өзекті міндеттер айқындалып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, онда қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұрудың тиімді және тұрақты стратегияларын әзірлеу қажеттігі атап өтілді. Бұған қол жеткізу үшін осы үдеріске қауіпсіздік мәселелеріне маманданған аймақ елдерінің сарапшылық және ғылыми қоғамдастығының өкілдерін белсенді түрде тарту ұсынылды.