Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2024 жылғы 1 тамызда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ мен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.С. Сенғазыев жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша кездесу өтті.

«ӘСЗО» АҚ өткізілген іс-шаралар туралы баяндама жасады, оның ішінде Астана қаласында өткен нұсқаушы-әдістемелік семинар Алматы және Шымкент қалаларында өткен ғылыми-әдістемелік республикалық конференциялар, соынмен қатар алғашқы әскери-технологиялық даярлық пәнінің педагог-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті, онда жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің негізгі проблемалық мәселелері айтылды.

Кездесу барысында интерактивті сабақтар кешенімен «Геотактика» тактикалық навигациялық жүйесін пайдалана отырып, білім беру жүйесіне заманауи оқыту әдістерін енгізу, сондай-ақ Астана қаласындағы мектеп оқушыларымен Бурабайдағы «Балдәурен» лагерінде әскери бөлімдердің және Щучье қаласының Әскери колледжінің әскери нұсқаушыларын тарта отырып бес күндік көшпелі оқу-жаттығу жиындарын өткізу ұсынылды.