Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің «АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде» тақырыбындағы семинарына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми ұйымдарының мамандары, АӨСШК-ге мүше 13 елдің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында АӨСШК кеңістігіндегі әскери-саяси өлшем, сенім және қауіпсіздік шаралары, қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке төнетін қауіптер, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудағы АӨСШК рөлі және Қазақстанның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі сияқты мәселелер талқыланды.