Семинар бағдарламасы аясында әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды оқытудың ғылыми-тәжірибелік мәселелеріне, алғашқы әскери-технологиялық даярлыққа (АӘТД) және жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды:
1. Қазіргі жағдайда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері мен жетілдіру жолдары;
2. Мектептер мен колледждердегі алғашқы әскери дайындықты зерделеудегі заманауи тәсілдер: құқықтық база, АӘТД бағдарламасы, педагогикалық ұжым, оқу-материалдық-техникалық база;
3. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жастарды әскерге шақыруға дейінгі даярлаудағы қызметі;
4. Беделді арттыру, әскерге шақыру алдындағы жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау жолдары;
5. Жастарды әскери қызметке шақыру алдындағы даярлаудың халықаралық тәжірибесі.