Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2025 жылғы 10 қазанда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ «Қазіргі заманғы сын-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында III Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді

 

Іс-шараға Парламенттің, Конституциялық соттың, Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, әскери жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференция үш тақырыптық блок бойынша өтті: «Өңірлік қауіпсіздік механизмдері: қазіргі жағдайдағы халықаралық ұйымдардың тиімділігі», «Трансшекаралық тәуекелдер жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету: экологиялық, экономикалық және инфрақұрылымдық сын-қатерлер» және «Әскери істегі заманауи технологиялар: жасанды интеллект, ұшқышсыз және роботты кешендер».

Пленарлық отырыстар барысында стратегиялық тұрақтылық, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі технологиялар мен ақпараттық кеңістіктің рөлі, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары мәселелері қаралды.

Қатысушылар ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін ғылыми талдау мен сараптамалық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың негізгі қорытындылары мен ұсыныстарын көрсететін қарар қабылданды.

III Халықаралық ғылыми-теориялық конференция тәжірибе алмасу және қазіргі жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешудің жаңа ғылыми тәсілдерін қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.