2025 жылғы 18 сәуір аумақтық қорғаныс курстары аяқталды
2025 жылғы 18 сәуірде «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ы аумақтық қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарының біліктілігін арттырудың қарқынды курстарын аяқтады.
Курстар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының, ҚР ҚК БМ аумақтық қорғаныс департаментінің, Ұлттық қорғаныс университетінің және Еуразия ұлттық университетінің мамандарымен өткізілді.
Ұлттық және әскери қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғанысы бойынша теориялық білімдерден басқа, тыңдаушылар атыс дайындығы бойынша практикалық дағдыларға ие болды.