Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2025 жылғы 19 қыркүйекте «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ базасында 2024–2026 жылдарға арналған ҒФ аясындағы ғылыми жоба бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақстан Республикасында жастарды әскери қызметке дейінгі даярлау жүйесі: тәжірибе, мәселелер және перспективалар».
Талқылаудың негізгі мақсаты – жастарды әскери қызметке дейінгі даярлау жүйесін жетілдіру, әскерге шақырылушылардың психологиялық және дене дайындығы деңгейін арттыру, моральдық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және патриоттық тәрбиені нығайту, сондай-ақ тәжірибе алмасу және болашақ Отан қорғаушыларын даярлауды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.