2025 жылғы 2 мамырда ҚР ҰҚУ-гі дөңгелек үстел отырысына қатысу
2025 жылғы 2 мамырда ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ң өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан факультеті ұйымдастырған «Ішкі қарулы қақтығыста Ұлттық ұланды қызметтік-жауынгерлік қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар пікір алмасты, ішкі қарулы қақтығыстарды шешуге байланысты өзекті мәселелерді қарады, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштерді осындай жағдайларды реттеуге тарту кезінде туындайтын түйінді сын-қатерлер мен проблемаларды белгіледі.