Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2025 жылғы 20 маусымда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды

 

2025 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа қарсы әрекет саласындағы өзара іс-қимыл: ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік және ғылыми аспектілер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өткізілді. Іс-шараны «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясымен және Тұран Университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық конференция ғылым, құқық қорғау органдары, халықаралық және қоғамдық ұйымдар өкілдері арасындағы сындарлы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге, инновациялық технологияларды енгізуге, нашақорлықтың алдын алуға, кадрлар даярлауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

Баяндамалар мен пікірталастар өзекті проблемаларды анықтауға, зерттеудің перспективалық бағыттарын белгілеуге және есірткі қаупімен күресу саласында озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді. Құқықтық, әлеуметтік және ғылыми аспектілерді қоса алғанда, нашақорлыққа қарсы іс-қимылға кешенді көзқарас мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету қажеттігіне, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді тәжірибелік қызметке интеграциялаудың маңыздылығына сенім білдірді. Қабылданған ұсынымдар мен бастамалар нашақорлықпен күресудің және қоғамның қауіпсіздігін арттырудың тиімді стратегияларын әзірлеуге негіз болады.