2025 жылғы 21-22 қазанда көпфункционалды жылжымалы қосалқы кешенді қайта сынау
2025 жылғы 21-22 қазанда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ «Теміржол көлігімен әскерлерді тасымалдау кезінде қару-жарақ пен әскери техниканы тиеуді (түсіруді) қамтамасыз ету үшін көпфункционалды көмекші кешенді (рампаны) әзірлеу» ғылыми бағдарламасы шеңберінде Семей теміржол бөлімшесінің Жаңа-Семей станциясында «Шығыс» ӨҚ әскери техникасын тарта отырып, көпфункционалды жылжымалы көмекші кешенді қайта сынақтан өткізді.
Сынақ нәтижелері көпфункционалды жылжымалы қосалқы кешеннің тәжірибелік үлгісінің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін және оның осы мақсаттар үшін жабдықталмаған орындарда қару-жарақ пен әскери техниканы тиеу-түсіру жөніндегі міндеттерді орындауға жарамдылығын растады.