Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 9 қаңтарда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да 2025 жылғы жұмыс нәтижелерін шығаруға және алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттарын айқындауға арналған қорытынды кеңес өтті.

Кеңес жұмысына қоғам басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және жетекші мамандар қатысты. Орталық қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық баяндамалар ұсынылды, ғылыми-зерттеу жобаларының негізгі нәтижелері қаралды, сондай-ақ іске асырылған іс-шаралардың тиімділігіне бағалау берілді.

2025 жылы «ӘСЗО» АҚ әскери-стратегиялық зерттеулер саласында бірқатар маңызды ғылыми-талдамалық жұмыстарды орындады, бейінді отандық және шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды кеңейтті, сондай-ақ сараптамалық әлеуетті нығайтты. Әдістемелік аппаратты жетілдіру, кадр ресурсын дамыту және ғылыми-зерттеу қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша талдамалық материалдардың сапасын одан әрі арттыруды, қолданбалы зерттеулерді тереңдетуді және Орталықтың бейіндік ғылыми іс-шараларға қатысуын кеңейтуді қамтитын 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.

«ӘСЗО» АҚ басшылығы атқарылған жұмысы үшін ұжымға алғысын білдіріп, орталықты әскери-стратегиялық зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми-талдамалық ұйым ретінде дәйекті дамытудың маңыздылығын атап өтті.