2026 жылғы 5 маусымда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ аумақтық қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарының біліктілігін арттырудың қарқынды курстарын аяқтады.
Курстар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының, Ұлттық қорғаныс университетінің және басқа да мекемелердің мамандарымен өткізілді.
Ұлттық және әскери қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғанысы бойынша теориялық білімдерден басқа, тыңдаушылар атыс дайындығы бойынша практикалық дағдыларға ие болды.