Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 30 сәуірде Шымкент қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.

Курстар бағдарламасы әскери білімге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, оқытушылардың теориялық білімін жаңартуға және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту барысында инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, оқу процесін цифрландыруға, сондай-ақ әскери-арнайы пәндерді оқыту әдістемелерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Қорытынды іс-шара аясында қатысушыларға бағдарламаның игерілгенін және біліктілігін арттырғанын растайтын курстардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.