Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


БР ҚК ҒЗИ-на бару

2025 жылғы 23 мамырда Минскіде (Беларусь) сапар аясында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдерінің Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің ғылыми-зерттеу институтының (БР ҚК ҒЗИ) басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара барысында БР ҚК ҒЗИ қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, тараптар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды іске асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялауды және қауіпсіздік мәселелері бойынша түрлі форумдар мен конференцияларға қатысуды қоса алғанда, өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытты.