Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2022 жылғы 13 маусымда "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ-да екі жақты ынтымақтастық шеңберінде Иран Ислам Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінен (ИИР ҰҚУ) Иран әскери делегациясымен сараптамалық кездесу өтті.
Иран Ислам Республикасының делегациясын бригадалық генерал доктор Хосроу Булхасани, ИИР ҰҚУ басшысының орынбасары басқарды.
Кездесуді "ӘСЗО" АҚ президенті А. Н. Рыспаев, генерал-майор, PhD докторы ашты. Ол Иран делегациясын жылы қарсы алды, "ӘСЗО" АҚ мен ИИР ҰҚУ-ның екі жақты өзара тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті, тараптарға алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі.
Сараптамалық кездесу барысында доктор Лотфали Бахтиари, ИИР ҰҚУ вице-президенті, болашақ зерттеулер тақырыптары бойынша және "ӘСЗО" АҚ вице-президенті, заң ғылымдарының кандидаты Р.А. Таиров "ӘСЗО" АҚ мен ИИР ҰҚУ-ның 2019-2022 жылдардағы бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары және болашаққа жоспарлары туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ Азия өңіріндегі, оның ішінде Ауғанстандағы және Украинадағы қауіпсіздік саласындағы ахуал бойынша пікір алмасу өтті.