Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

Франция Елшілігінің Әскери атташесінің ҚР-ға сапары

2021 жылғы 4 ақпанда "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ базасында "ӘСЗО" АҚ басшылығының ҚР-дағы Франция елшілігінің әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьемен әскери ынтымақтастық шеңберінде кездесуі өтті. Кездесу барысында "ӘСЗО" АҚ мен Францияның әскери зерттеулер орталықтары қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат алмасылды.

Тараптар өңірлік және ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Франция Қарулы Күштері министрлігінің ұқсас орталықтарымен байланыс орнату мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша полковник Жан-Филипп Тардье "ӘСЗО" АҚ басшылығына орталыққа келуге және кездесуді ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.