Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитеті жанынан отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған Ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды.
Ғылымды дамыту мәселелерін жан-жақты әрі кәсіби тұрғыдан қарастыруды қамтамасыз ету мақсатында Сараптамалық кеңестің жұмысына ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғалымдары мен мамандарын тарту көзделген.
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ мүдделі ғалымдар мен мамандардың Комитеттің сараптамалық қызметіне қатысу мүмкіндігі туралы ғылыми қауымдастықты хабардар етеді.
Ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары мен бастамалары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Ұсыныстарды әзірлеу барысында нақты проблемаларды айқындау, олардың өзектілігін негіздеу және қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, оларды шешу жолдарын ұсыну ұсынылады.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтында «Қызмет» - «Сараптамалық кеңестер» бөлімі көзделген. Аталған бөлімде «Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитет» пен тиісті қызмет бағытын таңдау қажет.
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ ғылыми қауымдастық өкілдерін отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ғылыми-инновациялық қызметін жетілдіру жөнінде негізделген ұсыныстар әзірлеуге үлес қосуға шақырады.