Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

2021 жылғы 30 Маусымда Пәкістан, Исламабад саяси зерттеулер институтының (ИСЗИ) өкілдерімен "ӘСЗО" АҚ онлайн сараптамалық кездесуі өтті. Орталықтың вице-президенті Таиров Рафик Анварович пен ИСЗИ Президенті бригадир Рашид Вали Джанджуа құттықтау сөз сөйледі, онда тараптар ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметі және олардың арасындағы ынтымақтастықты орнатудың ықтимал нүктелері туралы хабардар етті.

Сараптамалық кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да мәселелер талқыланды.

Сараптамалық кездесудің нәтижелері:

1. Сындарлы және өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуға өзара түсіністік туралы меморандум дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру;

2. 2021-2024 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу қызметіндегі ынтымақтастық жоспарын әзірлеу.