Көпфункционалды жылжымалы қосалқы кешенді сынау
2025 жылғы 14-18 қыркүйек аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Семей темір жол учаскесінде ғылыми жоба шеңберінде әзірленіп жатқан көпфункционалды жылжымалы қосалқы кешеннің (КЖҚК) бірлескен қабылдау және бақылаудағы пайдалану сынақтары жүргізілді.
Сынақ қорытындысы бойынша қабылдау комиссиясы КЖҚК тәжірибелік үлгісінің техникалық тапсырма мен ЖКҚ талаптарына сәйкестігін растады. КЖҚК осы мақсаттар үшін жабдықталмаған жерлерде қару-жарақ пен әскери техниканы тиеу-түсіру жөніндегі міндеттерді орындауға жарамды.