«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен меморандумға қатысты
2026 жылғы 2 наурызда Астана қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік, стандарттау, ғылыми-техникалық әзірлемелер және бірлескен жобаларды дайындау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Меморандумға қол қою тараптардың Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті міндеттерін шешу үшін сараптамалық, ғылыми және технологиялық әлеуетті біріктіру ниетін бекітеді.