«MILEX-2025» XII Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесіне қатысу
2025 жылғы 21 мамырда Минскіде (Беларусь Республикасы) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері «MILEX-2025» қару-жарақ пен әскери техниканың XII Халықаралық көрмесіне қатысты.
Биыл «MILEX-2025» Беларусь пен әлемнің 5 елінен 150-ден астам компанияны қабылдайды: Ресей Федерациясы, Қытай, Пәкістан, Иран және Үндістан.
«MILEX-2025» - ке экономиканың қорғаныс секторының 90-нан астам ұйымы қатысады. Көрме экспозициясында әскери техниканың үлгілері, соңғы әзірлемелер кеңінен ұсынылған, олардың көпшілігі соңғы жылдары шығарылған немесе жаңартылған – 750-ден астам үлгі.