2021 жылғы 18 қарашада "ӘСЗО" АҚ вице-президенті Р.А. Таиров RAND корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры және аға экономисі Кришна Кумармен кездесті.
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және оның даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын талқылады.
Сондай-ақ, Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ мүдделі ұйымдар арасындағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі қолдаудың маңыздылығын атап өтті.