Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ 2023 жылдың 27 қазанында «Қазіргі заманғы сың-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: аймақ елдері үшін қауіпсіздік қатерлерін, оның ішінде әскери қатерлерді, тұрақсыздықтың әлеуметтік-экономикалық факторларын және су проблемаларын талқылау.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Әскери қауіптер:

1.1. Аймақ елдерінің әскери және әскери-экономикалық әлеуетіне бағдарламалық-техникалық әсерге (кибершабуылдарға) қарсы іс-қимыл мәселелері. Ресурстық-технологиялық жабдықталуы, жағдайы және киберқауіптерге дайындығы.

1.2. Мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандырудың ақпараттық және психологиялық факторлары. Ұлттық қауіпсіздік үшін жалған ақпараттың негізгі мәнін бағалау, ақпараттық өрістің халықтың психологиялық жағдайын қалыптастыруға әсері.

2. Қазақстанның су қауіпсіздігі:

2.1. Қазақстанның су ресурстарының (СР) жай-күйі. СР көлемі, олардың құрылымы. Су ресурстарын пайдалану.

2.2. Су тапшылығы мәселесі. Тұтыну мен климаттың өзгеруіне байланысты СР-на қаншалықты қауіп төніп тұр?

2.3. Су тапшылығы бар аймақтар, ірі қалалардың су қауіпсіздігінің жай-күйі.

2.4. СР жағдайының болашағы қандай? Мәселеге жауап берудің қандай әдістері бар?

3. Аймақтың тұрақсыздығының әлеуметтік-экономикалық факторлары:

3.1. Орталық Азия өңіріндегі көші-қон процестері.

3.2. Көші-қон процестерінің аймақ елдерінің экономикасына әсері.

3.3. Өңір елдерінің экономикалық әлеуеті, олардың саладағы ахуалы, сондай-ақ еңбек көші-қоны қолайсыз дамыған жағдайда азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қабілеті.


Конференция форматы: пленарлық отырыс нысанында.

Конференцияны өткізу тілі: мемлекеттік және орыс.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 4, Radisson Hotel Astana, «Сарыарқа 4» Конференц-залы.

Өткізу уақыты: 27 қазан 2023 ж. сағат 10.00.

Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2023 жылғы 27 қазанда сағат 9.00-ден бастап 9.50-ге дейін қонақ үй фойесінде жүргізіледі.


Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады.

Конференцияға қатысу үшін 2023 жылғы 10 қазанға дейін қатысуға өтінімнің толтырылған нысанын және баяндаманы электрондық мекенжайға жіберу қажет: Dyussekina@cvsi.kz. Байланыс телефоны: 8 (7172) 64-34-62 (ішкі. 108). Үйлестіруші: Қорғаныс зерттеулері департаментінің бас сарапшысы Дюсекина Е.А.

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.

 

Қатысуға өтінім түрі

Баяндаушының Т.А.Ә. (толық)

 

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, әскери атағы

 

Ұйым (атауы)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекен-жайы

 

Баяндама тақырыбы

 

Қажетті техникалық қондырғы

 

Қатысу түрі (іштей, сырттай)

 

 

Баяндаманы дайындау барысында авторлардан келесі
ережелерді басшылыққа алуларын сұраймыз:

Конференция материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 10 толық параққа дейінгі баяндама мәтіндері Microsoft Word редакторында, орысша шрифт Times New Roman (қазақ тілінде-Times Kaz), кегль 14, жол аралығы - 1, азат жолы шегінісі - 1,25, беттің жан-жағынан түзетілуі - 2 см. Тақырыптаманы рәсімдеу: автордың аты-жөні және тегі (бас әріппен, жол ортасымен туралау), келесі жолда – ЖОО, мекеменің атауы, қала, ел, (ортасында курсивпен туралау). Содан соң бір жол өтіп, баяндама тақырыбы (қалың бас әріппен, жол ортасына түзету), аңдатпа, негізгі сөздер, одан әрі бір жол өтіп баяндама мәтіні. Мәтін сөздерді бөліп келесі жолға көшірусіз жазылу және мұқият редакциялану қажет.

Сондай-ақ, мәтінде суреттің астына қойылған ақ-қара сызбалар мен графиктер немесе үстіңгі жағында атауы берілген кестелер үстіңгі және астыңғы бос орындарға орналастырылуы мүмкін. Мәтіннің соңында тиісінше 2 тілдегі түйіндеме (егер баяндама қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме және т.с.с.). Әдебиеттерге сілтемелер мәтінде төртбұрышты жақшадағы сандармен мәтінде айтылған ретпен беріледі.

 

Конференцияны ұйымдастыру комитеті