Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеу мен эксперименттік әзірлеме
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің және басқа да мемлекеттік органдардың мүддесінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық жұмыс, мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қолданбалы, іргелі, жедел-стратегиялық (стратегиялық) және қорғаныстық ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеу жүргізу.
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдығы бойынша мемлекеттік органдар жариялаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстарға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар нәтижесін коммерцияландыру конкурстарына қатысу.
жаһандық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті, әскери ғылымды, әскери өнерді, әскери өнеркәсіпті, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың негізгі тренділерін мониторингтеу, талдау және сараптамалық бағалау
Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне және басқа да мемлекеттік органдарға Қоғам қызметінің бейіні бойынша консалтингтік және маркетингтік қызмет көрсету
Қоғам қызметінің бейіні бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, тренингтер мен сараптамалық кездесулер, оның ішінде халықаралық кездесулер ұйымдастыру және өткізу
Білім беру қызметіне қатысу, біліктілікті арттыру курстарын, жергілікті жұмылдыру және аумақтық қорғаныс, киберқауіпсіздік, халықаралық қатынастар, алғашқы әскери және технологиялық даярлық органдарының мамандарын курстық даярлауды, әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдарда персоналдың еңбек дауларын шешу бойынша және басқа да курстарды ұйымдастыру және өткізу
Әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді каталогтау.
Қоғам қызметінің бейіні бойынша ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, оқулықтарды, мерзімді баспасөз және сериялық басылымдарды, әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық және арнайы әдебиетті, түсіндірме және көптілді сөздіктерді, аудио және бейнеөнімді әзірлеу және басып шығару
Әскери-патриоттық, оқу-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық бағыттағы көрнекі үгіт-насихат құралдарын, оқу құралдары мен стенділерін әзірлеу
Қоғам қызметінің бейіні бойынша нормативтік құқықтық актілерді, ғылыми-әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттаманы, стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеу (қайта әзірлеу), талдау және сараптау
Әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді зерттеу, жобалау, әзірлеу және өндіру үшін инвестициялар және қаржы тарту
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзекті ақпаратты, ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік және арнайы әдебиетті мемлекеттік және басқа тілдерге аударуды жүзеге асыру
Қатысушы тараптар үшін өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу жұмысын бірлесіп жүргізу, ғылыми көрсетілетін қызметті ұсыну үшін шетелдік ғылыми-зерттеу және өзге де ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу, өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу
Мемлекеттік құпияны қорғауды және ақпарат қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Қару-жарақ, әскери және арнайы техника, әскери-техникалық мүлік үлгілеріне құжаттық ғылыми-техникалық сараптама жүргізу
Өзге де кәсіптік, ғылыми, техникалық және білім беру қызметі