2026 жылғы 5–15 қазан аралығында Алматы қаласында «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының базасында біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Курс аясында қатысушылар оқу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудің өзекті мәселелерін, білім алушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ әскери білім беруде инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану мәселелерін қарастырады.