2026 жылғы 6–16 қазан аралығында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы базасында біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Курс аясында қатысушылар оқу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудің өзекті мәселелерін, білім алушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ әскери білім беруде инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану мәселелерін қарастырады.