2021 жылғы 16 наурызда "ӘСЗО" АҚ мен "RAND" корпорациясы арасында сараптамалық онлайн кездесу өткізілді.
Онлайн сараптамалық кездесу аясында әскери экономика, өңірлік қауіпсіздік, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, Орталық Азия елдеріндегі COVID 19 жағдайы және әлемдегі геосаяси өзгерістерге байланысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Онлайн сараптамалық кездесудің қорытындысы бойынша сарапшылар пікір алмасты және "ӘСЗО" АҚ мен "RAND"корпорациясы арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде бірлескен талдамалық зерттеулер, конференциялар, сараптамалық кездесулер өткізуге қызығушылық білдірілді.