Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

Миссия

Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту.

Мақсат

Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік ұйымдардың басқарушылық шешімдер қабылдауы үшін ғылыми-технологиялық өнім өндіру.

 

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» Акционерлік қоғамы (әрі қарай – Орталық) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес құрылды.


Орталық 2008 жылғы 15 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігі мәселелерін зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ретінде жұмыс істейді.


Орталық 2008 жылғы 7 тамызда «Сардар» ғылыми журналын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басып шығаруға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар Комитетінің № 9442-Ж куәлігін алды.

 

Орталық 2013 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар Комитетінің № 13341-Ж «Оборонный вестник» ақпараттық-талдау журналын басып шығару туралы куәлігін алды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен құрылған Орталық, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына берілді.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 Қаулысымен Орталық акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 887 қаулысымен Орталық, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қайта берілді. Орталықтың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.


Пенсильвания университеті (АҚШ) 2018-2019 жылдары өткізген «Әлемнің жетекші ғылыми және талдау орталықтары» рейтингісіне сәйкес, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Орталық, Кавказ бен Орталық Азияның 65 ұқсас құрылымдарының ішінде 18-орынға ие болды; 2018 жылдың қорытындысы бойынша-17-орынға ие болды; бүгінде Орталық 16-орынға ие.
 

2018 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптама комиссиясының бағалауы бойынша Орталық, «Қазақстанның үздік кәсіпорны-2018» атағына үміткер болды.

 

Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістерді ескере отырып, сондай-ақ елдің әскери ұйымын одан әрі дамыту мақсатында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ алдына мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы ғылыми прогресті қамтамасыз ету, әскери ғылымның рөлін күшейту, әскери-саяси жағдайдың дамуын және әскери қауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлерді болжау жөнінде міндеттер қояды. Орталық, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия өңірінде әскери ғылыми зерттеулер жүргізуде көшбасшының рөліне бағдарланған.

Орталықта ғылыми жұмыс өтілі мол ғалым-зерттеушілер, ғылым докторлары мен кандидаттары ғылыми дәрежелерінің иегерлері, тәжірибелі сарапшылар жұмыс істейді, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының күш құрылымдарында басшылық лауазымдарда болған және қорғаныс саласында басқарушылық және өндірістік қызметте мол тәжірибесі бар.


Өзінің қызмет ету кезеңінде Орталық 100-ден астам ҒЗЖ және ТКЖ әзірледі, оның ішінде: 75% - жабық тақырып бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін; 6 Нормативтік құқықтық актілердің жобасы (Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары); Ұлттық қорғаныс университеті үшін 31 Оқу құралы; 46 Әскери Ұлттық стандарт.