Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


Ағымдағы жылы 7 маусым күні «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамында Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, оның қорытындысына сәйкес Қорғаныс министрінің көмекшісі Айгүл Нұралықызы Төлембаева аталған қоғамның Директорлар кеңесінің Төрайымы болып қайта сайланды.

Қазақстан Қарулы күштерінде Айгүл Нұрәліқызы 2013 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол экономика ғылымдарының докторы, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментін басқарған. Оның директорлар кеңесінің төрағасы ретінде атқаратын лауазым міндетіне Орталықтың қызметін бақылауды ұйымдастыру кіреді.

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы – Қорғаныс министрлігінің ведомстволық ұйымы. Қоғам акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі, Қорғаныс министрлігіне жалғыз акционер құқығы берілген.

2022 жылғы маусым айынан бері акционерлік қоғамның президенті запастағы генерал-майор Рыспаев Асхат Наурызбаевич болып табылады.