Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ 2023 жылдың 27 қазанында сағат 10:00 «Қазіргі заманғы сың-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: аймақ елдері үшін қауіпсіздік қатерлерін, оның ішінде әскери қатерлерді, тұрақсыздықтың әлеуметтік-экономикалық факторларын және су проблемаларын талқылау.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Әскери қауіптер:

1.1. Аймақ елдерінің әскери және әскери-экономикалық әлеуетіне бағдарламалық-техникалық әсерге (кибершабуылдарға) қарсы іс-қимыл мәселелері. Ресурстық-технологиялық жабдықталуы, жағдайы және киберқауіптерге дайындығы.

1.2. Мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандырудың ақпараттық және психологиялық факторлары. Ұлттық қауіпсіздік үшін жалған ақпараттың негізгі мәнін бағалау, ақпараттық өрістің халықтың психологиялық жағдайын қалыптастыруға әсері.

2. Қазақстанның су қауіпсіздігі:

2.1. Қазақстанның су ресурстарының (СР) жай-күйі. СР көлемі, олардың құрылымы. Су ресурстарын пайдалану.

2.2. Су тапшылығы мәселесі. Тұтыну мен климаттың өзгеруіне байланысты СР-на қаншалықты қауіп төніп тұр?

2.3. Су тапшылығы бар аймақтар, ірі қалалардың су қауіпсіздігінің жай-күйі.

2.4. СР жағдайының болашағы қандай? Мәселеге жауап берудің қандай әдістері бар?

3. Аймақтың тұрақсыздығының әлеуметтік-экономикалық факторлары:

3.1. Орталық Азия өңіріндегі көші-қон процестері.

3.2. Көші-қон процестерінің аймақ елдерінің экономикасына әсері.

3.3. Өңір елдерінің экономикалық әлеуеті, олардың саладағы ахуалы, сондай-ақ еңбек көші-қоны қолайсыз дамыған жағдайда азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қабілеті.

"Ашық диалог" порталында өзіңізді ойландыратын сұрақтарды қоя аласыз.