«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ 2024 жылдың
20 қыркүйекте «Қазіргі заманғы сың-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Қарастырылып отырған мәселелер:
1. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары.
2. Тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасындағы тұрақтылықты дамытуға әсері.
3. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық және ұйымдардың (ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б.) рөлі.
Конференция форматы: жалпы отырыс түрінде.
Конференцияны өткізу тілі: мемлекеттік және орыс, шетелдік қонақтар үшін ілеспе аударма қамтамасыз етіледі.
Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Космонавтов көшесі 60, Comfort Hotel Astana Конференц-залы.
Өткізу уақыты: 2024 жылғы 20 қыркүйек сағат 10.00-де.
Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 20 қыркүйекте сағат 9.00-ден 9.50-ге дейін қонақ үй фойесінде өткізіледі.
Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады.
Конференцияға қатысу үшін 2024 жылғы 10 қыркүйекке дейін қатысуға өтінімнің толтырылған нысанын және баяндаманы электрондық мекенжайға жіберу қажет: akimbaev.e@cvsi.kz. байланыс телефоны: (7172) 64-34-62 (ішкі.104). Үйлестіруші: Қорғаныс зерттеулері департаментінің директоры Е. Ж. Әкімбаев (тел. 8 777 127 38 64)
Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және авторларға қайтарылмайды.
Қатысуға өтінім түрі
Баяндаушының Т.А.Ә. (толық) |
|
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, әскери атағы |
|
Ұйым (атауы) |
|
Байланыс телефоны |
|
Электрондық мекен-жайы |
|
Баяндама тақырыбы |
|
Қажетті техникалық қондырғы |
|
Қатысу түрі (іштей, сырттай) |
|
Баяндаманы дайындау барысында авторлардан келесі
ережелерді басшылыққа алуларын сұраймыз:
Конференция материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 10 толық бетке дейінгі баяндамалардың мәтіні тек Word мәтіндік редакторында электрондық түрде, Times New Roman шрифті (қазақ тілінде – Times Kaz), кегль 14, жоларалық интервал – 1, барлық өрістер – 20 мм.
Тақырыпты ресімдеу: автордың аты-жөні және Тегі (бас әріптермен, жолдың ортасымен туралау), келесі жолда – ЖОО, мекеменің атауы, қала, ел, (ортасында курсивпен туралау), содан кейін жол арқылы мақаланың атауы (бас әріптермен қалың әріптермен, жолдың ортасымен туралау), содан кейін жол арқылы мақала мәтіні. Сондай-ақ, мәтінде суреттің астына қол қойылған ақ-қара сызбалар мен графиктер немесе үстіңгі жағында атауы берілген кестелер үстіңгі және астыңғы бос орындарға орналастырылуы мүмкін. Мәтіннің соңында-тиісінше 2 тілдегі түйіндеме (егер баяндама қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме және т.б.). Әдебиеттерге сілтемелер мәтінде төртбұрышты жақшадағы сандармен мәтінде айтылған ретпен беріледі.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті