Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2024 жылғы 14 қазанда «ӘСЗО» АҚ ғимаратында Электрондық және ақпараттық инженерия институты департамент бастығы Цюй Цзиньхуэй бастаған ҚХР Харбин технологиялық университетінің делегациясымен таныстыру кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап «ӘСЗО» АҚ қызметі туралы ақпарат берді. Іс-шараның нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ тараптардың журналдарында мақалалар мен басқа да материалдарды жариялау келешегіне келісті.