2024 жылғы 15 қазанда «ӘСЗО» АҚ базасында генерал-майор Чэнь Жундидің басшылығымен ҚХАА Әскери ғылымдар академиясының делегациясымен таныстыру кездесуі өтті.
Кездесу барысында қазақстандық тарап «ӘСЗО» АҚ қызметіне шолу жасады, ал қытай делегациясының өкілдері ҚХАА Әскери ғылымдар академиясының тарихы мен қызметі туралы айтты.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды ұйымдастыру, соның ішінде ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау және қауіпсіздік мәселелеріне арналған түрлі форумдар мен конференцияларға қатысуды қоса алғанда, ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.