2024 жылғы 2 қарашада Астана қаласында Кеңес Одағының Батыры Халық Қақарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың атындағы Әскери колледждің құрылғанына 25 жыл толды.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінің, әскери прокуратураның, әскери оқу орындарының, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың өкілдері, ҚК ардагерлері және бітірушілер қатысты.
Әскери колледж 2021 жылы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің базасында құрылған. Содан бері оқу орнын 1700-ден астам курсантты сәтті тәмамдап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін жоғары деңгейлі мамандарды даярлауды жалғастыруда.
Шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.