2025 жылғы 21 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс-Қазақстан облысының білім басқармасы «ӘСЗО» АҚ-мен бірлесіп алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы оқытушылармен Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.
«Қазақстан Республикасында Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы Конференция жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды әскери-кәсіби бағдарлау мәселелеріне арналған. Орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларын, облыстық деңгейдегі АӘТД әдіскерлерін, күш құрылымдарының өкілдерін қоса алғанда, 200-ге жуық қатысушы шақырылды.
Жалпы отырыстан басқа, әскери қызметті дәріптеу мақсатында конференцияда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қолданылатын қару-жарақ пен арнайы құралдардың, құрал-саймандардың үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.