2025 жылғы 19 наурызда «ӘСЗО» АҚ-ң базасында ҚР-ғы ҚХР-ның Елшілігі жанындағы әскери атташе аппаратының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қазақстандық тарап «ӘСЗО» АҚ-ң қызметіне шолу жасап, жұмыстың негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды іске асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялауды және қауіпсіздік мәселелері бойынша түрлі форумдар мен конференцияларға қатысуды қоса алғанда, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.