2025 жылғы 7 сәуірде «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ң базасында «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ-ы өкілдермен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара аясында тараптар негізгі бағыттарды және екіжақты ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.
Кездесуге қатысушылар серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдіріп, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды белгіледі.