Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2025 жылғы 1-12 сәуір аралығында Астана қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты (АӘТП) ұйымдастырушы-оқытушылар біліктілігін арттыру курстарын өткізді.

Оқыту бағдарламасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Атыс дайындығына ерекше назар аударылды: тәжірибелік жаттығулар 68665 әскери бөлімінің аумағында, сондай-ақ «Алау» атқыштар тирінде өтті, онда қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда пысықтай алды.

Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға курстардың сәтті өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.