2025 жылғы 15 сәуірде Беларусь әскери делегациясымен кездесу
2025 жылғы 15 сәуірде «ӘСЗО» АҚ базасында Қарулы күштері Бас штабының бастығы - Беларусь Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-майор П.Муравейко бастаған Беларусь әскери делегациясымен кездесу өтті.
Сапар барысында қазақстандық тарап Қоғам қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, әскери-ғылыми саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен серпінін атап өтті. Екі мемлекеттің бейінді ұйымдары арасындағы келешектегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар бірлескен жобаларды, оның ішінде стратегиялық талдау, қорғаныс технологиялары және ғылыми зерттеулер саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бейінді басылымдардағы жарияланымдарды талқылау, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференцияларға, форумдар мен сараптамалық платформаларға қатысу күн тәртібінің жеке тармағы болды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту және бірлескен жұмыстың нақты жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.