Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық жоспары аясында, 2025 жылғы 22-23 шілде аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-на Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің Ғылыми-зерттеу институтының делегациясы келді.
Сапар барысында тараптар қарулы күштердің дамуы мен қалыптасуы мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалардың келешегі жөнінде талқылады.