2025 жылғы 8 тамызда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарына аумақтық қорғаныс саласында біліктілікті арттыру бойынша қарқынды курстарды аяқтады.
Курстар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз үшін және әрқайсымыз үшін. Қазір және мәңгі» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының, ҚР ҚК Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаментінің және басқа да ұйымдардың мамандары тарапынан өткізілді.
Ұлттық және әскери қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғанысы бойынша теориялық білімдермен қатар, тыңдаушылар атыс даярлығы бойынша практикалық дағдыларға ие болды.