Астанадағы Digital Bridge 2025
2-4 қазан аралығында Астанада инновациялар мен цифрлық технологиялар бойынша ең ірі халықаралық – Digital Bridge 2025 форумы өтуде.
Форумға «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері қатысып, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық экожүйелердің даму перспективаларын талқылайтын негізгі сессиялар мен пікірталас алаңдарына қатысты.
Digital Bridge – мемлекеттік органдар, бизнес, IT-қауымдастығы және халықаралық сарапшылар арасындағы тәжірибе алмасу алаңы.