2025 жылғы 12 желтоқсанда Атырау қаласында АӘТД аяқтады
2025 жылғы 12 желтоқсанда Атырау қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Х.Досмұхамедов атындағы КЕАҚ «Атырау университеті» әскери кафедрасының базасында Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты (АӘТД) ұйымдастырушы-оқытушылар біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.
Оқыту бағдарламасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Атыс дайындығына ерекше назар аударылды: тәжірибелік жаттығулар 41433 әскери бөлімінің аумағында өтті, онда қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда пысықтай алды.
Оқу аяқталғаннан кейін Жеңіс паркінде барлық қатысушыларға курстардың сәтті өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.