Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


Көшбасшылық және тұрақтылық мәселелері жөніндегі халықаралық семинарға қатысу

 

2026 жылғы 9-14 ақпан аралығында Исламабад қаласында (Пәкістан) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің Стратегиялық зерттеулер, әзірлемелер және талдау институты ұйымдастырған Көшбасшылық және тұрақтылық мәселелері жөніндегі 6-шы халықаралық семинарына қатысты.

Семинар жетекші халықаралық және пәкістандық сарапшыларды, дипломаттарды, әскери талдаушыларды және Академия өкілдерін біріктірді. Бағдарлама аясында қатысушылар жаһандық әлемдік тәртіптің өзгеруін, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлерінің эволюциясын, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды сараптамалық сессиялар мен тәжірибеге бағдарланған пікірталастар, сондай-ақ Пәкістанның жоғары мемлекеттік басшылығы, Парламенті және сыртқы саяси ведомство өкілдерімен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізуді көздеді. Бұл халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша кешенді пікір алмасуды және келісілген тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Көшбасшылық және тұрақтылық мәселелері жөніндегі халықаралық семинар дәстүрлі түрде өңірдің алдында тұрған ағымдағы және перспективалық сын-қатерлерді шоғырландырылған түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздіктің жан-жақты және орнықты жүйесін құру жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.