2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ базасында «аумақтық қорғанысты ұйымдастыру» бағыты бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарының біліктілігін арттыру курстары сәтті өткізілді.
Ұлттық және әскери қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғанысы бойынша теориялық білімдерден басқа, тыңдаушылар атыс дайындығы бойынша практикалық дағдыларға ие болды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға білім беру бағдарламасының өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.