Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласында білім алушыларды даярлау сапасын арттыру және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған әскери кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстары сәтті аяқталды.

Қорытынды іс-шара аясында қатысушыларға бағдарламаның игерілгенін және біліктілігін арттырғанын растайтын курстардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Курстар тәжірибе алмасу, оқу процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау және кадрларды даярлауға заманауи тәсілдерді енгізу үшін маңызды алаңға айналды.