Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 28 сәуірде «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасында билікті күштеп басып алу әрекеттерінің жолын кесу кезінде Ұлттық ұлан бригадасын қолданудың ғылыми-теориялық негіздерін дамыту» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Іс-шараға ғылыми қоғамдастықтың, күш құрылымдарының, әскери оқу орындарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік зерттеушілер мен сарапшылар қатысты.

Конференция барысында мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, Нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің, Ұлттық ұлан бөлімшелерін қолданудың жедел-тактикалық аспектілерінің, сондай-ақ дағдарыс жағдайларында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Қатысушылар мемлекеттік тұрақтылықтың қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы іс-қимыл, ішкі қауіпсіздік саласындағы ғылыми-теориялық тәсілдерді дамыту және дағдарыстық жағдайларға ден қоюдың халықаралық тәжірибесін зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми-сараптамалық диалогты одан әрі дамытудың және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту бойынша практикалық ұсынымдар дайындаудың маңыздылығы атап өтілді.