Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 10 маусымда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да Platonus Group IT-компаниясының басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында «Срочник 2.0» ақпараттық жүйесіне қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу үшін техникалық ерекшелікті келісу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар платформаның тұрақтылығына, қауіпсіздігіне және ауқымдылығына қойылатын техникалық талаптарды егжей-тегжейлі талдады, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу шеңберінде жобаны іске асыру бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.

Бұл жүйе еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу тәртібін толық автоматтандырады. Оның арқасында қызмет өткерген азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген білім беру квоталарын ашық және тиімді бөлу қамтамасыз етіледі.